Қызылорда облысында Балалар ауруханасында дәрігерлер 4 жасар қызға операция жасады.
Дәрігерлер 4 жасар қыздың асқазанынан салмағы бір келі шаш алды. Шаштың ұзындығы – 34 сантиметр. Жедел хирургия бөлімінің меңгерушісі Әлімжан Төлегеновтің айтуынша, баланың асқа тәбеті болмай, ауруханаға ауыр жағдайда түскен.«Балаға асқазан трихобезоары диагнозы қойылды. Дереу ота жасалды», – деді Төлегенов.Операцияны хирург Әлімжан Төлегенов, анестезиолог Көркем Баекей, ассистент Самат Шуақбаев, медбике Ақмарал Бекташова бірлесіп жасады.
Бұған дейін дәрігергер 7 жасар қыздың асқазанынан 100-ден астам магнит алған болатын.