Эпидемиологиялық ахуал: «қызыл» аймақта 9 өңір қалды
Эпидемиологиялық ахуал: «қызыл» аймақта 9 өңір қалды
Фото: vk.com
143
оқылды

9 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

Бүгін коронавирусқа шалдыққандар саны қайта көбейді.