Бақыт Сұлтанов «Даму» қорын да басқаратын болды
Бақыт Сұлтанов «Даму» қорын да басқаратын болды
Фото: yandex.kz
216
оқылды

Бақыт Сұлтанов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды.

Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы 1971 жылы 29 қарашада дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-электрик мамандығы бойынша, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы нарығындағы бағалы қағаздар департаментінің акционерлеу және лицензиялау бөлімінің жетекші экономисі болып бастады. 1995 жылдан басқарма бастығы, кейін бөлім бастығының орынбасары (1996), Бюджет департаменті директорының орынбасары (1997), Мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры (1998), Қазынашылық департаменті директорының орынбасары (1999) болып тағайындалды. Бюджет департаменті директорының орынбасары (2001), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік бюджет департаментінің директоры (2002). 2002 жылғы қыркүйектен 2003 жылғы маусымға дейін – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің директоры. 2003 жылғы маусымнан 2006 жылғы ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. 2006 жылғы ақпаннан 2007 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы. 2007 жылғы қаңтардан 2007 жылғы 10 тамызға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі. 2007 жылғы 10 тамыздан бастап – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. 2010 жылғы 13 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 2012 жылғы 21 қаңтардан 2013 жылғы 6 қарашаға дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары. 2013 жылғы 6 қарашадан 2018 жылғы 11 қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі. 2018 жылдың 11 қыркүйегінен 2019 жылдың 13 маусымына дейін – Астана қаласының (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) әкімі. 2019 жылғы 17 маусымнан бастап – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі.

Биыл 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды.