Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиадада биатлоннан ерлер арасындағы 20 шақырымдық жекелей жарыс өтті.
Сайысқа Қазақстанның атынан биатлоншы Владислав Киреев қатысты. Біздің спортшы төрт айналымда да мергендігімен көзге түсті. Ол барлық 20 нысанды дөп көздеп, тигізді. Алайда шаңғымен сырғанауда шабандылық танытып, мәреге 25 болып жетті. 92 спортшы бақ сынаған сайыста тек 2 спортшы ғана 20 нысанды толықтай атып түсірді. Қазақстандықпен қатар белорус Антон Смольский ғана үздік нәтиже көрсете алды. Алайда Владислав Киреевке қарағанда белорус мәреге екінші болып жетті. Бірінші орын француз Кентен Фийон Майеге бұйырды.