Бейжің Олимпиадасы: Ақнар Адаққызы жайында не білеміз?
Бейжің Олимпиадасы: Ақнар Адаққызы жайында не білеміз?
©azattyq
380
оқылды

Қысқы Олимпиада ойындарында Қытай елінің намысын үш қандасымыз қорғап жатыр. Соның ішінде қатарының алдына түсіп, өнерімен елді тамсандырып жатқан Ақнар Адаққызы жайында сөз қозғамақпыз.

Ол биылғы Бейжің Олимпиадасында қашықтығы 1500 және 3 мың метр жарыстарға қатысты. Екеуінде де 17-орын алды. Енді ол 10 ақпанда қашықтығы 5 мың метр жарыста бақ сынамақ. – Әуелі қазағым үшін қуаныштымын! Халық саны аз болса да Олимпиадада бақ сынап, күресе алатынымызды көрсеткеніме ризамын. Елдегі өтіп жатқан ірі сайысқа алғаш рет қатысып отырмын. Бұл мен үшін жақсы мүмкіндік. Сондықтан барымды саламын, – дейді Ақнар Адаққызы. Конькимен жүгіру спортында өнер көрсетіп жатқан Ақнар басында шорт-трекке қатысқан. Кейін әкесі 2012 жылы ауыр сырқаттан қайтыс болады. Сол кезде ол анасына қолғабыс ету үшін жаттығуын тоқтатады. [caption id="attachment_183165" align="alignnone" width="1200"]Олимпиада ©azattyq.[/caption] Екі жылдан соң, мұз айдынына қайта оралады. Сөйтіп, Шыңжаң аймақтық чемпионатына қатысып, үздік бестікке кірді. Сол кезден бастап жергілікті команда құрамына еніп, жарыстарға қатыса бастайды. Бірақ онда бәсеке қатты болғандықтан 2018 жылы конькимен жүгіру спортына өтеді. Содан ұзақ қашықтықтағы жарыстарға қатыса бастаған. Алты айдан соң ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қашықтығы 1500 метр болатын жарысында күміс медаль еншіледі. 2019 жылы Қытай ұлттық чемпионатының қашықтығы 5 мың метр сайысында – алтын, 3 мың метрде күміс таққан. 2020 жылы төрт құрлық чемпионатының масс-старт жарысында төртінші, 3 мың метрге жарыста алтыншы орын алған. Ақнар осы уақытқа дейін талай мәрте республикалық және халықаралық жарыстардың бас жүлдесін жеңіп алған. Тіпті, коньки спортынан Қытай елінің рекордын жаңартқан болатын. Бүгінде Ақнар конькимен жүгіруден Қытай құрамасының мүшесі. 22 жастағы Ақнар ең әуелі бапкері Синь Циншань арқасында конькимен жүгіруден Олимпиадаға жеткенін айта кеткен жөн. Өйткені Қытайдың қысқы Олимпиададағы алғашқы чемпионын кезінде осы бапкер жаттықтырған екен. Синь Циншань – конькимен жүгіру спортының атасы. Ол Қытайдың Олимпиада чемпионы Ян Ян тәрбиелеген жан. Синь Циншань сөзінше, Ақнардың көрсеткіші әлдеқайда жақсарған. «Бірақ әлемнің үздіктерімен бәсекеге түсу үшін әлі көп жұмыс істеу керек», – дейді ол. Айта кетейік, Ақнар 1999 жылы Қытайдың Шыңжаң өлкесінің Құттыби ауданында дүниеге келген.