«Қарыз еді...» – ер адам өзгенің пәтерін иемденіп алған
«Қарыз еді...» – ер адам өзгенің пәтерін иемденіп алған
Фото: gettimely.com
131
оқылды

Теміртауда ер адам қайтыс болған адамның пәтерін иемденіп алған, – деп жазады Polisia.kz.

Биыл 4 ақпанда полицейлерге 73 жастағы азаматша арызданды. Жәбірленушіге қайтыс болған ағасынан пәтер қалған. Қаңтарда туысынан қалған сол пәтерді тексеруге келген әйел үйге кіре алмаған. Себебі, белгісіз біреу «қайтыс болған азамат маған бұрын қарыз болғандықтан, осы пәтерді берді» деп үйдің есігін ауыстырып, пәтерді иемденіп алған. Полицейлер арызды тексеріп, қайтыс болған азамат пәтердің құжатын туысқанына рәсімдеп кеткенін анықтады.

Қылмыстық кодекстің 389-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.