Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК 10-12 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

"Аязды ауа райын жауын-шашынсыз сақтаған кең антициклон тек шығыс аймақтарға әсерін сақтай отырып, біздің елден тыс жерлерге ауыса бастайды. Ал солтүстік-батыстан үлкен ылғал қоры бар циклон асығуда. Ол өзімен бірге жаңбыр мен қар түрінде, 12 ақпанда оңтүстік облыстарда қатты жауын-шашын, сондай-ақ жел мен көктайғақ құбылыстарын әкеледі. Ұзақ аяздан кейін, тіпті Қазақстанның солтүстігінде термометр бағандары күндізгі уақытта тек 2-10 градус аязды көрсетеді", – делінген хабарламада.