Ержан Бабақұмаров жаңа қызметке тағайындалды
Ержан Бабақұмаров жаңа қызметке тағайындалды
© newsroom.kz
220
оқылды

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымынан босатылды.

Ержан Бабақұмаров бұған дейін Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың орынбасары қызметін атқарған болатын.