Ұлттық ұлан жауынгері скотчпен оралған психотропты заттарды лақтырмақ болған күдіктіні қолға түсірді
Ұлттық ұлан жауынгері скотчпен оралған психотропты заттарды лақтырмақ болған күдіктіні қолға түсірді
243
оқылды
Бұл туралы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады. Кеше сағат 21:40 шамасында Өскемендегі №17 түзеу мекемесінің күзету аумағында қарауыл сақшысы өзін күдікті ұстаған белгісіз біреудің жүргенін байқап қалады.
«Ұлттық ұлан жауынгері дереу қарауыл бастығына баяндап, белгіленген аумаққа жіберілген түзеу мекемесінің патрульдік тобы күдікті Г.-ны қолға түсіреді. Тексеру барысында ұсталған азамат сотталушыларға скотчпен оралған психотропты заттарды лақтырмақ болғаны анықталды» дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Амангелді.