Бұл туралы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады. Кеше сағат 21:40 шамасында Өскемендегі №17 түзеу мекемесінің күзету аумағында қарауыл сақшысы өзін күдікті ұстаған белгісіз біреудің жүргенін байқап қалады.
«Ұлттық ұлан жауынгері дереу қарауыл бастығына баяндап, белгіленген аумаққа жіберілген түзеу мекемесінің патрульдік тобы күдікті Г.-ны қолға түсіреді. Тексеру барысында ұсталған азамат сотталушыларға скотчпен оралған психотропты заттарды лақтырмақ болғаны анықталды» дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Амангелді.