Алматыда ер адамды арыққа лақтырып жіберген жүргізуші ұсталып, жауапқа тартылды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Сәтбаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында жүргізушілердің өтуіне кедергі жасап, апатты жағдай туғызған ер адамды арыққа лақтырып жіберген жүргізуші ұсталды.
«Мас ер адамды жол жиегінен арыққа лақтырып жіберген шетелдік көлік жүргізушісі анықталып, жауапқа тартылды. Ол – 1988 жылы туған Н. есімді азамат. Ал 28 жастағы П. есімді азаматтың алған дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Полиция департаменті..