Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады. Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында және Қарағандыда тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай жел ойыса ұйытқиды. Облыстың батысы, солтүстігі, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Оралда көктайғақ, бұрқасын болады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні 18 м/с-ті құрайды. Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында және Қызылордада тұман түседі деп күтіледі. Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Ақтөбеде күндіз боран соғады.