Бейжің Олимпиадасы: допинг дауына тап болған мәнерлеп сырғанаушы жарыстардан шеттетіледі

Бейжің Олимпиадасы: допинг дауына тап болған мәнерлеп сырғанаушы жарыстардан шеттетіледі

Командалық сайыста бірінші орын алған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева жарыстардан шеттетіліп, жекелей сындағы бәсекеге қатыспайтын болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дереккөздің ақпараты бойынша, спортшыны жарыстардан нақты қанша уақытқа шеттейтіні Олимпиада ойындарынан кейін белгілі болады. Дәл осындай жағдай төрт жыл бұрын керлингтен және бобслейден ресейлік спортшылар Александр Крушельницки мен Надежда Сергеевамен болған. Ал осы Олимпиадада командалық есепте топ жарған Ресейді алтын жүлдесінен айырады. Қазіргі уақытта британиялық Іnside the Games таратқан ақпараттан кейін, ХОК-қа үлкен қысым жасалуда. Дегенмен осы уақытқа дейінгі белгілі болған мәлімет бойынша, ресейлік қолданған препарат спорттық нәтижеге еш әсер етпейді. Ол тек кардиологиялық проблеммалардың алдын алу үшін қолданылады.