Әйелдің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Ал Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі аталған деректі растады.
«Полиция басқармасына Степногор қалалық жедел жәрдемнің фельдшері хабарласты. Ол 1984 жылы туған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны бесінші қабаттың балконынан секіріп кеткенін айтты», – деп мәлімдеді полиция.Бұрын Степногор қаласында тұрған ол анасын көруге келген. Аталған дерек бойынша сараптама нәтижесі тағайындалды. ҚК-тің 105-бабына (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.