Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Ожаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер бойынша қозғалған қылмыстық істер жөнінде соңғы мәліметтерді айтты, – деп хабарлады baribar.kz.
Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге байланысты министрлікке азаматтарды қамау орындарына заңсыз жеткізу, ұстау, жауапкершілікке тарту туралы көптеген шағым түсті. Әрбір осындай факті бойынша, шағым мен жарияланым бойынша тыңғылықты тексеру жүргізіледі. Егер ол мәлімет расталса, дереу шара қолданылады, – деді ІІМ өкілі Парламент мәжілісіндегі адам құқықтары мәселесіне арналған дөңгелек үстелде.Ведомствоның бірінші вице-министрі қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандардың ісі арнайы прокурорлардың бақылауында екенін мәлімдеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша террористік актілердің, жаппай тәртіпсіздіктердің себептері мен ұйымдастырушыларын анықтау жұмыстары бас прокуратураға жүктелгенін естеріңізге салғым келеді. Осыған байланысты аталмыш санаттағы және осы оқиғалармен байланысты істердің бәрі арнайы прокурорлар басқаратын ведомствоаралық тергеу тобына берілді, -деді ол.Оның айтуынша, ішкі істер органдары қаңтар оқиғасына қатысы бар деген 792 адамды қамауға алды.
Қазіргі таңда ішкі істер органдарында 2,5 мыңнан астам қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның негізгі бөлігі тонау мен ұрлыққа қатысты. Қылмыс жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына 893 адам жеткізілді. Соның 792-сі қамауға алынды. Ұсталғандардың кінәсі қолды болған, зақым келген мүлік түріндегі тәркіленген заттай айғақтардың, видео, фото материалдардың және тергеу органдарының басқа да процессуалдық шараларының көмегімен дәлелденіп жатыр, – деді Марат Ожаев.ІІМ өкілі істердің бәрі қылмыстық процестің үш буынды моделі аясында іске асып жатқанын айтты.