Сырдарияға батып кеткен ер адам табылмай жатыр
Сырдарияға батып кеткен ер адам табылмай жатыр
Фото: ТЖД-нен алынды
157
оқылды

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында 53 жастағы ер адам Сырдария өзеніне батып кетті. Бұл туралы Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Оқиға кеше сағат 18.30 шамасында болған. Байқоңырдағы «Маяк» спорт кешені тұсында 1968 жылғы ер адам Сырдарияға батып кеткен. Оны 4 құтқарушы іздеп жатыр. Өзенге балық аулау үшін қайықпен 4 адам шыққан. Мұз жарылып, бір адам суға батып кеткен. Алайда қасындағы адамдар оны құтқара алмады.
«Құтқарушыларға сағат 20.00 шамасында хабар айтқан. Оқиға орнында 2 құтқарушы, 2 сүңгуір бір қайықпен іздестіріп жатыр», – деді департамент өкілі.

Бұған дейін Сырдарияға көлігімен батып кеткен ер адам туралы жазған болатынбыз.