Алматы полициясы музыкантқа іздеу жариялады

Қызылорда
Фото: yandex.kz

Алматы полициясы Бауыржан Әшіғалиевті іздеп жатыр. Бұл туралы Алматы полициясы бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады.

«Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікпен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) 1986 жылы 18 наурызда туған Әшіғалиев Бауыржан Жәнібекұлына іздеу жарияланды. Қамауға алу үшін бұлтартпау шарасы таңдалған», – деп жазды Рустам Абдрахманов.

Алматы полициясы музыкантқа іздеу жариялады
Фото: Рустам Абдрахмановтың Facebook-тағы парақшасынан алынды

 

Әшіғалиевті көрген-білгендер болса, +7 701 758 67 60, +7 708 683 94 33 және 8 (727) 254 43 51 телефон нөміріне хабарласуды сұрады.

2019 жылы әйелі Ксения Әшіғалиева күйеуі оны өлтірмекке оқталғанына шағымданған.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.