Қаңтар қасіреті: прокуратура өкілі қырғызстандық музыкантқа қатысты пікір білдірді
Қаңтар қасіреті: прокуратура өкілі қырғызстандық музыкантқа қатысты пікір білдірді
Фото: Qazaqstan телеарнасының видеосынан скриншот
169
оқылды

қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған музыкант еліне қайтарылған еді. Алматы облысы Қарасай аудандық прокуратурасының қызметкері Қырғызстан азаматы Викрам Рузахуновтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, – деп жазды Tengrinews.kz.

Биыл 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы аумағында Алматы-Бішкек тасжолында жедел іздестіру кезінде Тарғап кенті маңында көліктер тексерілді. Ұсталғандар арасында Қырғыз азаматы Рузахунов Викрам бар.
«Ол дене жарақатына байланысты Қарасай ауданының арнайы қабылдау бөліміне жеткізілді. Жарақатының себебін анықтау мүмкін болмаған. Рузахуновты ұстаған кезде көлікте қару табылмаған», – деді прокуратура өкілі.
Прокуратура мәліметінше, полицейлер Рузахуновты бірінші болып тергеген.
«Тергеуде оның Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатыспағаны анықталды. Сондықтан ол қамаудан босатылды», – деді ол.

Бұған дейін Қырғызстан азаматының ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.