11 ақпан күні Бейжің Олимпиадасында қазақстандық атлеттер спорттың 4 түрінен жарысқа қатысады. Қазақстан спортшылары шаңғымен жарысып, биатлон, трамплиннен секіру және шорт-тректен сынға түседі.
11 ақпандағы жарыс кестесі:
Шаңғы жарысы 13:00. 15 км, классикалық стиль. Ерлер Виталий Пухкало, Евгений Величко. Биатлон 15:00. Спринт. Әйелдер. Галина Вишневская-Шепоренко Трамплиннен секіру 17:00. Іріктеу. Үлкен трамплин. Ерлер Сергей Ткаченко, Данил Васильев. Шорт-трек 17:18. 500 м. Ерлер. Алғашқы кезең. Әділ Ғалиахметов, Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша.Осыған дейін Әділ Ғалиахметов үздік ондықтан көрініп, финалға шыққан еді. Ертең ол 500 метрлік қашықтықта ел намысын қорғайды. Осы сында Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша да жүлдеге таласады.