Қыста балаларын велосипедпен тасыған әкеге үй әпермек
Қыста балаларын велосипедпен тасыған әкеге үй әпермек
293
оқылды
Қызылордалық блогер, белсенді Асылхан Дүкенбаев аязда балаларын велосипедпен тасып жүрген әкеге көлік әперуге ақша жинап жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ер адам күннің суығына қарамастан, балаларын велосипедпен тасып жүргені түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін танылған. Кадрларда үлкен ұлы велосипедтің алдында, кішкентайы артында мойынорағышқа оралған күйі ұйықтап жатқаны көпшілікті тәнті етті.
"Видеоға түсіреді деп ойлаған жоқпын. Басында тіпті ашуландым. Бірақ жағымды пікірлерді оқыған соң тынышталдым", – дейді ол видеода.
Бұл отбасы үй жалдап тұратыны, жекеменшік баспанасы жоқ екені белгілі болды. Ер адам видеоға түсіп қалған сәтте балаларымен ойын алаңдарының бірінен қайтып келе жатқан. Кейін Шымкент тұрғыны қызылордалыққа өз көлігін сыйға тартатыны белгілі болды.
"Көлікті Шымкенттегі әріптесім, КВН ойыншысы Бекжан сыйға тартады. Сондықтан енді тұрғын үй сатып алуға ақша жинаймыз. Видеоны түсірген жігітті де сыйлық күтеді", – деді белсенді Асылхан Дүкенбаев.