Он шақырымдық жарыста бақ сынады
Он шақырымдық жарыста бақ сынады
167
оқылды
Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында шаңғымен 10 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан әйелдер ара­сындағы дода аяқталды. Бұл бәсекеге Қазақстан атынан Валерия Тюленева, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина қатысқан болатын. Жарыс нәтижесі бойынша Ангелина Шурыга 52-ші, Ксения Шалыгина 53-ші, Надежда Степашкина 57-ші, Валерия Тюленева 59-орын алды. Олимпиада чемпионы атағын норвегиялық Тереза Йохауг иеленді. Күміс жүлдені Керту Нискассен (Финляндия), қоланы Криста Пармакоски (Финляндия) еншіледі.

А.ЖАСАНҰЛЫ