Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында шаңғымен 10 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан әйелдер арасындағы дода аяқталды. Бұл бәсекеге Қазақстан атынан Валерия Тюленева, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина қатысқан болатын. Жарыс нәтижесі бойынша Ангелина Шурыга 52-ші, Ксения Шалыгина 53-ші, Надежда Степашкина 57-ші, Валерия Тюленева 59-орын алды. Олимпиада чемпионы атағын норвегиялық Тереза Йохауг иеленді. Күміс жүлдені Керту Нискассен (Финляндия), қоланы Криста Пармакоски (Финляндия) еншіледі.
А.ЖАСАНҰЛЫ