Парламент дипломатиясы ерекше рөл атқарады
Парламент дипломатиясы ерекше рөл атқарады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Олий Мәжілісі Заң шығару палатасының төрағасы Нурдинжон Исмоиловты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы мейманға ілтипат білдіре отырып, елдеріміз достық пен тату көршілікке, ор­тақ мәдени құндылықтарға не­гіз­делген, мемлекетаралық ын­ты­мақ­тастықтың үлгісі болатын берік әрі үйлесімді қатынастарды орнатқанын атап өтті. Қазақстан Президенті өткен жылдың желтоқсан айында Шавкат Мирзиёевтің елімізге жаса­ған мем­лекеттік сапарын жоғары ба­ғалады. Сол сапар қазақ-өзбек ын­ты­мақ­тастығын одақтас­тық дең­гейіне көтеруге негіз бол­ған. – Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас, серіктес ел. Сондықтан екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуға баса мән береміз. Біздің одақтас қатынас­тарымыз кең ауқымды және сая­си, сауда-эко­номикалық, мәдени-гу­ма­нитарлық байланыстар­ды қам­­тиды. Осы ретте парламент дип­ломатиясы ерекше рөл атқара­ды, – деді Мемлекет басшысы. Өз кезегінде Нурдинжон Исмоилов Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге уақыт бөлгені үшін алғыс білдіріп, Өзбекстан Президентінің ізгі тілегі мен сәле­мін жеткізді.