Спортшы допинг күдігіне ілінді
Спортшы допинг күдігіне ілінді
164
оқылды
Бейжіңде өтіп жатқан қыс­қы Олимпиада ойындарында алғашқы оң допинг-сынама табылды. Халықаралық допинг тестілеу агенттігінің (ITA) мәліметінше, ирандық тау шаңғышы Хуссейн Савех-Шемшакидің тесті оң нәтиже көрсеткен. Спортшының допинг сынамасынан дегидро­метил-тестостерон метаболиттері табылған. 36 жастағы шаңғышы Олим­пиада ойындарының ашылу сал­танатында Иран құрамасынан ту ұстап шыққан болатын. Қазір Хуссейн жарысқа қатысудан уақыт­ша шеттетілді. Айта кетейік, танымал спорт­шылардың бірі Савех-Шемшаки 2010 жылы Ванкувердегі және 2014 жылы Сочидегі Олимпиада ойын­дарына қатысқан.

А.ЖАСАНҰЛЫ