Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында алғашқы оң допинг-сынама табылды. Халықаралық допинг тестілеу агенттігінің (ITA) мәліметінше, ирандық тау шаңғышы Хуссейн Савех-Шемшакидің тесті оң нәтиже көрсеткен. Спортшының допинг сынамасынан дегидрометил-тестостерон метаболиттері табылған. 36 жастағы шаңғышы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Иран құрамасынан ту ұстап шыққан болатын. Қазір Хуссейн жарысқа қатысудан уақытша шеттетілді. Айта кетейік, танымал спортшылардың бірі Савех-Шемшаки 2010 жылы Ванкувердегі және 2014 жылы Сочидегі Олимпиада ойындарына қатысқан.
А.ЖАСАНҰЛЫ