Могулшылар елге оралды
Могулшылар елге оралды
164
оқылды
Елорданың халықаралық әуежайына Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиадаға қатысушыларфристайл-могулдан Қазақстан ұлттық құрамасы ұшып келді. Спортшыларды Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері мен жанкүйерлер қарсы алды. – Спорт – бақ пен бап қатар жүретін сала. Төрт жылда бір келетін дүбірлі додада бар күштеріңізді салып, жігерлеріңізді көрсет­тіңіздер. Біз сіздерді қашанда қолдауға дайынбыз. Жарқын жеңістеріңіздің әлі де алда екеніне сеніміміз мол, – деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова. Естеріңізге сала кетейік, байрақты бәсекеде фристайл-могулда ұлттық құрама сапында алты спортшы ел намысын қорғады. Олардың қатарында Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд финалға жолдама алып, Юлия он бірінші, ал Дмитрий сегізінші орынға жайғасты.

А.ЖАСАНҰЛЫ