Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.
Татарстан астанасының халықаралық әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты республика басшысы Рустам Минниханов қарсы алды.
Жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан Кремлінің көрікті жерлерін аралап көреді.
Татарстан президентімен кездесу өткізеді. Сонымен қатар республиканың өзге қалаларында орналасқан «КамАЗ» және «Танеко» сияқты ірі кәсіпорындарының жұмысымен танысады.