Мешітте телефон ұрлаған ер адам ұсталды
Мешітте телефон ұрлаған ер адам ұсталды
Фото: ummet.kz
175
оқылды

Шымкентте ер адам мешітте телефон ұрлаған. Полицейлер күдікті ұстады, – деп хабарлады polisia.kz.

Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Мешітте күртешесінің қалтасынан Samsung маркалы телефонын ұрлап кеткеніне шағымданды. Ұры айналасында ешкімнің жоқтығын пайдаланып, қалтаны тексеріп, телефонды ұрлап кеткен. Шығын көлемі – 158 мың теңге. Полицейлер бейнебақылау камераларын жіті тексеріп, 29 жастағы ұрыны бір күнде ұстады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Алматыда мешіттегі садақа жәшігін ұрлаған ер адам ұсталған еді.