Әділет министрлігінің мәліметінше, шетелге шығарылған 530 миллион доллар елге қайтарылды.
Вице-министрі Азамат Әмірғалиевтің айтуынша, екі даудың шешімі табылған соң, 530 миллион доллар елге қайтқан.«460 млн доллардан астам сомаға мемлекет мүддесі қорғалып, екі дау бойынша 530 млн доллар елге қайтарылды», – деді Азамат Әмірғалиев.
Бұған дейін Храпунов, Әблязов, Стати ісі – Қазақстан жыл сайын шетелдік адвокаттарға 13 миллиард теңге жұмсайтынын хабарлаған болатынбыз.