Алматыда бірден 3 автобус соқтығысты

Алматыда бірден 3 автобус соқтығысты

Алматыда үш автобус соқтығысты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін сағат таңғы сағат 10:30 шамасында Райымбек даңғылында болды.

«YUTONG BUS маркалы автобус жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып қашықтықты сақтамау салдарынан алдында келе жатқан SAZ автобусымен соқтығысқан. Сосын SAZ автобусы сол бағытта келе жатқан үшінші YUTONG маркалы автобусқа соғылды. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ», - деді Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Полиция өкілінің сөзінше, аталған факт бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)