Нұр-Сұлтанда көлік капотына мініп, видео түсірген жігіттер ұсталды
Нұр-Сұлтанда көлік капотына мініп, видео түсірген жігіттер ұсталды
243
оқылды
Нұр-Сұлтанда жүріп бара жатқан автокөліктің капотына мініп, трюк жасаған жігіттер ұсталды, деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Instagram Stories-тегі жол қозғалысы ережелері өрескел бұзылған жайт түсіп қалған видеоны анықтады.
"Қасақана тәртіпбұзушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Олар 18-19 жас аралығындағы жастар болып шықты. Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі "Жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін" әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал капоттағы жігітке "Ұсақ бұзақылық" үшін әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен оған 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", - деді полиция қызметкері.