Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер елордада 12-15 ақпан күндері жауын-шашын, боран және екпінді жел болады деп болжап отыр. Ертең, 12 ақпанда Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, қар жауып, боран соғады. 13 ақпанда көшпелі бұлт шығады, кей тұстарда қар жауып, бұрқасын болады деп болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 3-5 градус аяз болады. 14 ақпан күні синоптиктердің болжамынша, күндіз қар жауып, боран соғады. Сонымен қатар, 12 ақпанда Алматы тауларында қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, 12 ақпанда оның екпіні кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін жетеді.