Ішкі істер министрлігіне қарасты Көлік полициясы департаменті құны 12 миллион теңгені құрайтын мыс концентраттарын ұрлаған қылмыстық топты құрықтады.
«Бұл оқиға былтыр жаз кезінде болған. «KAZ Minerals» АҚ-ына тиесілі жүк вагондарына тиелген мыс концентраттарын төрт жігіт түн мезгілінде пойыз тоқтаған кезде ұрлаған. Олар 16 770 келі бағалы металды қолды қылған. Келтірілген шығын көлемі – 12,8 миллион теңге. Қылмыстық топ 30 қыркүйекте Семей станциясында қолға түсті. Биылғы қаңтар айының соңында Шар қалалық сотының шешімімен 3 жыл, 9 ай мерзімге бас бостандықтарынан айрылды»,- дейді Көлік департаментінің басшысы Оңал Бекиев.