Галина да жарысты аяқтады
Галина да жарысты аяқтады
Қысқы Олимпиада ойындары аясында биатлоннан әйел­дер арасында спринт бо­йынша жарыстар өз мәресіне жетті. Аталған санат бойынша Қазақ­стан құрамасының сапынан Галина Вишневская-Шепоренко жарыс жолына шықты. Өкінішке қарай, 60 спортшының арасында отандасымыз 52-орын алды. Бейжің Олимпидасының алтын медалін Норвегия спортшысы қанжығасына байлады. Күміс жүлде Швеция биатлоншысы Эльвира Эбердің еншісінде кетсе, қола жүлдеге италиялық атлет Доротея Вирер ие болды.

А.ЖАСАНҰЛЫ