Қысқы Олимпиада ойындары аясында биатлоннан әйелдер арасында спринт бойынша жарыстар өз мәресіне жетті. Аталған санат бойынша Қазақстан құрамасының сапынан Галина Вишневская-Шепоренко жарыс жолына шықты. Өкінішке қарай, 60 спортшының арасында отандасымыз 52-орын алды. Бейжің Олимпидасының алтын медалін Норвегия спортшысы қанжығасына байлады. Күміс жүлде Швеция биатлоншысы Эльвира Эбердің еншісінде кетсе, қола жүлдеге италиялық атлет Доротея Вирер ие болды.
А.ЖАСАНҰЛЫ