Көлік полицейлері Маңғыстау облысында екі баланы өрттен аман алып қалды, - деп хабарлайды ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 11 қаңтар күні Маңғыстау ауылында болды. Станция маңында орналасқан екі қабатты үй өртенген. Екінші қабаттан шыққан өрттен дәлізді қара түтін басты. Адамдар соның салдарынан өз бетінше сыртқа шыға алмады."Өртті көрген көліктегі полиция бөлімінің 6 қызметкері шұғыл жетіп, адамдарды шығарып, өртті сөндіре бастаған. Осы кезде олар пәтерлердің бірінен ересектердің қарауынсыз қалған үш баланы байқаған. Полиция лейтенанты Н. Қайыпбергенов баланың кішісін көтеріп алып, сыртқа шығарды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін тәртіп сақшылары А.Омарбаев, Н.Қуанов, Н.Қайыпбергенов, Р.Хамит, А.Көктаубаев, Б.Орынхан барлық тұрғынды эвакуациялап үлгерді", - делінген хабарламада.