Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады. Ақтөбе облысының түнде облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде және орталығында көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысының батыс жартысында көктайғақ, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде және орталығында күші 15-20 м/с болады. Қостанай облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде жел15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Батыс Қазақстан облысының оңтүстікте, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Атырау облысының батысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, орталық бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, түнде екпіні 23 м/с. Маңғыстау облысының түнде солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с жылдамдықпен соғады. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарда тұман. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. қ. Шымкент: 13 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Павлодар облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында да 12-13 ақпанда кей уақыттарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 12, тәулік бойы 13 ақпанда екпіні 15-20 м/с.