Алматыда тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан 8 ересек пен бір жасөспірім ұсталды
Алматыда тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан 8 ересек пен бір жасөспірім ұсталды
Фото: Zakon.kz
144
оқылды
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан Алматы қаласының 4 тұрғынын, соның ішінде бір кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады.
“Бұл адамдар 05.01.2022 ж. қалада "Lexus gs300" автокөлігімен жүріп, басқа қылмыскерлермен бірге "Анна" қару-жарақ дүкенін тонаған.Ұрланған қаруларды сол көлікпен Республика алаңына жеткізіп, тәртіпсіздіктерге қатысушыларға таратқан”, – делінген хабарламада.
Одан бөлек, Алматы қаласы мен Алматы облысының 5 тұрғыны анықталып, ұсталды. Олар 5 қаңтарда Алматы көшелерінде "Газель" автокөлігімен келе жатып, өтіп бара жатқан тәртіпсіздіктерге қатысушыларға өздері алдын ала дайындаған темір шыбықтарды таратқан.
“Кейін қылмыстық жауаптылықтан құтылу мақсатында жоғарыда аталған қылмыскерлер кейбір сыртқы бөлшектерін бояу арқылы автокөлікті өзгерту бойынша шаралар қабылдаған.Сот 8 ұсталғанға қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.Кәмелетке толмаған адам ата-анасының жеке кепілгерлігімен босатылды.Бүгінгі күні тергеу жалғасуда, олардың жаппай тәртіпсіздіктер кезінде басқа да қылмыстарды жасауға қатыстылығы анықталуда”, – дейді прокуратурадан.