Павлодар-Нұр-Сұлтан тасжолында өзбек трикотажы бар көп тонналы жүк көлігі жанып кетті. Салдарынан республикалық жол учаскесінде жеңіл және жүк көліктерінен кептеліс пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Павлодар облысының ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабарлама 12 ақпанда сағат 01.38-де түскен.
"40 шаршы метр алаңда трикотаж бұйымдары тиелген 2010 жылғы Renault Premium жүк көлігі толықтай жанып кетті", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметіндегілер.