Алматыда ақпан айының соңына дейін ауа-райының құбылмалылығы, қар аралас жауын-шашынның түсуі, аяз, тұман, көктайғақ күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осыған байланысты Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға жолда мұқият болуға шақырды.
«112 sms хабарламаларына мұқият қарауды, автокөлік жүргізу кезінде сақтық шараларын сақтауды, жылдамдықты азайтуды, қашықтықты сақтауды, кенеттен маневрлер мен тежелулерден аулақ болуды сұраймыз. Жолдың жүру бөлігінде және тротуарларда көктайғақ пайда болғанда жаяу жүргіншілер сақ болу керек, әсіресе баспалдақтардан төмен түсу және көтерілу кезінде. Қымбатты Алматылықтар – сәл шыдамдылық танытайық, жақын арада біздің сүйікті қаламызда көптен күткен ұзақ және жылы кезең болатынын ұмытпаңыздар! Жақындарыңызбен және өз денсаулықтарыңызға абай болыңызда», - делінген хабарламада.