Абзал Әжғалиев Бейжің Олимпиадасының қоласына бір қадам жетпей қалды
Абзал Әжғалиев Бейжің Олимпиадасының қоласына бір қадам жетпей қалды
250
оқылды

Бейжің Олимпиадасында Қазақстан қоржыны әзірге бос. Шорт-тректен 500 метрлік қашықта жекелей сынға қатысқан Абзал Әжғалиев финалда мәре сызығын төртінші болып кесті.

Сондай-ақ дәл осы қашықта Қазақстан атынан Денис Никиша мен Әділ Ғалиахмет қатысты. Денис "В" финалында өнер көрсетіп мәреге үшінші болып жетті. Айта кетелік, Абзал Әжғалиев дәл осы қашықтықта әлем кубогі кезеңдерінен жүлде алған спортшы. Ол Бейжің Олимпиадасында тек қана 500 метрлік жарыста сынға түсті.