«Сергек» жаяу жүргіншілердің ереже бұзғанын тіркейтін болды
«Сергек» жаяу жүргіншілердің ереже бұзғанын тіркейтін болды
199
оқылды
Елордада "Сергек" камералары жол қозғалысы ережелерін бұзудың тағы бір түрін тіркей бастады, деп хабарлайды Нұр-сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметі.
"Нұр-Сұлтандағы 26 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде "бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту" ересін бұзғандарды анықтау бойынша "Сергек" камераларының қосымша функциясы әзірленіп, енгізілді. Бұл жаңашылдық "Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі" жедел алдын алу іс-шарасы аясында енгізілді", - делінген ақпаратта.
Полиция 2021 жылы қаланың жаяу жүргіншілер өткелінде 98 жол-көлік оқиғасы орын алғанын атап өтті. Жаяу жүргіншілерді реттелетін өткелде 38 мәрте және реттелмейтін өткелде 60 мәрте көлік қағып кеткен.