Өңірде дауыл туралы ескерту жарияланды. Павлодарлық құтқарушылар жүргізушілерге жолда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ауа-райының күрт нашарлауы, яғни толассыз қар жауып, боранның түтеуі салдарынан жолдарда көру мүмкіндігі шектелуіне байланысты Қарағанды учаскесі мен Павлодар облысының шекарасына дейінгі 967-1135 шақырым жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаменті.Өңірде 12 ақпанда дауылды ескерту жарияланғанын жазады. Бұл ескерту 14 ақпанның кешіне дейін ұзартылды. Ауа райы болжамына сәйкес, Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с күшейеді, сынап бағаны күндіз -3 -5 °C аралығында болмақ.