Абзал Әжіғалиев Бейжің Олимпиадасын қорытындылады
Абзал Әжіғалиев Бейжің Олимпиадасын қорытындылады
273
оқылды
Шорт-тректен Қазақстан командасының көшбасшысы Абзал Әжіғалиев 500 метрге жүгіруден Бейжің Олимпиадасында төртінші орын алды. Жарыстан соң сұхбат берген спортшы финалда бар күшін салғанын айтты, деп жазады Olympic.kz. 
«Олимпиадаға іріктеу мен үшін қиын өтті. Себебі, осының алдындағы маусымды денсаулығыма байланысты дұрыс өткізе алмаған едім. Менің спорттағы ең үлкен арманым – шорт-тректі дамыту еді. Қазақ балалары қысқы спортта әлсіз деген стереотипті бұзғым келді. Біздің де коньки теуіп, сырғанай алатынымызды көрсеткім келді. Жанкүйерлер жазғы спорт түрлеріндегі атлеттерді бірден танып жатады. Ал қысқы спортта қанша жүлде алып жүрсе де, шорт-трекшілер тасада қалып қояды. Басты мақсатым – жанкүйері осы ойдан арылту болды. Еліміздегі ең жас спорт түрлерінің бірі екеніне қарамастан, біздің шорт-трекшілер әлем кубогі кезеңдерінде үнемі жүлде алып жүр. Әлемде алғашқы ондыққа енеміз. Бұл дәстүр одан әрі жалғасарына сенемін. Ал бүгін қазақ халқын қуантқым келді. Бар күшімді салдым. Финалға дейін екі бірдей Олимпиада чемпионы жарыс жолынан шығып қалды. Осындай бәсекелестікпен ақтық сынға жеткенім қуантады. Өкінішке қарай, медаль бұйырмады»,  - деді Абзал.