Олимпиадада Қазақстан Туын ұстап шыққан Екатерина Айдова жүлдесіз қалды
Олимпиадада Қазақстан Туын ұстап шыққан Екатерина Айдова жүлдесіз қалды
200
оқылды
Қазақ спортшыларынан бүгін соңғы болып жарыс жолына конькиші Екатерина Айдова шыққан болатын. Конькимен жүгіруден әйелдер арасында 500 метр қашықтықта сынға түскен ол мұз айдынында қытайлық Тайбэйден келген Хуан Ю-Тинмен жұптасып жүгірді. Жерлесіміз екеуара жарыста мәре сызығын 38,54 секунд көрсеткішімен бірінші болып кескенімен жалпы есепте жүлдегерлер қатарынан көріне алған жоқ.