Боранға байланысты бірнеше өңірде жолдар жабылды
Боранға байланысты бірнеше өңірде жолдар жабылды
152
оқылды
13 ақпан күні Қарағанды ​​облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында және оңтүстік-шығысында қалың қар жауып, жел күшейіп, боран соғып тұр. Осыған байланысты сағат 14:30-дан бастап республикалық маңызы бар бірқатар жол учаскелерінде көліктің барлық түріне қозғалыс жабылды. Олар:
«Қызылорда – Павлодар» (Қарағанды ​​– Павлодар облысының шекарасы); «Екатеринбург – Алматы» (Қарағанды ​​– Ақмола облысының шекарасы, Қарағанды ​​– Ақсу-Аюлы ауылы және Қарағанды ​​қаласының Солтүстік-Шығыс айналма жолының учаскесі).
Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары адамдарды құтқару үшін екі мәрте жолға шықты.