ШҚО полиция департаменті мәліметінше, 13 ақпан күні кешкі 16.30 шамасында Глубокое ауданында Өскемен-Риддер жолының 34-шақырымында жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып қалған. Апат салдарынан «Datsun» көлігінің 36 жастағы жүргізушісі және оның жанындағы 29 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында жан тапсырды. Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.