Атырау облысында 66 жастағы шопан жоғалып кетті
Атырау облысында 66 жастағы шопан жоғалып кетті
156
оқылды
Атырау облысында 66 жастағы шопан жоғалып кетті. Ер адам екі аптадан астам уақыт бойы байланысқа шықпаған, – деп хабарлайды  «Мой город» порталы.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 12 ақпанда құтқарушыларға Жылыой ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам туралы хабарлама түскенін мәлімдеді.
«66 жастағы шопан 27 қаңтарда Сарықасқа учаскесінен Құлсары қаласына қарай шығып, күні бүгінге дейін оралмаған. Үлкен төбе, Сарықасқа және Бекжал учаскелерінде іздеу жұмыстары жүргізілді», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің үш қызметкері мен бір техникасы, аудандық ішкі істер бөлімінің төрт қызметкері және бір жергілікті тұрғын жұмылдырылып отыр.