Қазақстанда коронавирустан 10 адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирустан 10 адам қайтыс болды
© РИА Новости / Антон Вергун
220
оқылды
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 10 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 14 ақпандағы мәлімет бойынша, 53 977 адам коронавирус инфекциясынан (52 808+ және 1 169 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 7 174 науқас стационарда, 46 803 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында: • 350 адамның жағдайы ауыр, • 144 науқастың жағдайы өте ауыр, • 97 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.  width=