Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 10 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
14 ақпандағы мәлімет бойынша, 53 977 адам коронавирус инфекциясынан (52 808+ және 1 169 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 7 174 науқас стационарда, 46 803 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
• 350 адамның жағдайы ауыр,
• 144 науқастың жағдайы өте ауыр,
• 97 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.